Елордада "Қазақстандағы атом энергетикасының даму перспективалары" форумының екінші панельдік сессиясы өтіп жатыр. Шараға қатысушылар атом энергетикасын пайдаланудың тиімді жағын атап өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сессия барысында атом электр стансасы сияқты ауқымды жобаны жүзеге асыру энергетиканың, құрылыстың, ғылымның және тағы басқа заманауи технологиялардың дамуына септігі тиетіні айтылды.
"Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі тұрғындар арасында біраз күмән тудырады. Көбі оның артықшылықтарын біле бермейді. Өкінішке қарай, халық атом энергиясын енгізудің нақты экономикалық пайдасы жөнінде хабарсыз. Еліміздің кемел келешегін ойласақ, энергия тапшылығы мен энергияға тәуелділіктен арылу маңызды. Қисынды қадамдардың бірі — атом электр стансасын салу", — деді талқы барысында Қазақстанның азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева.
Спикерлер атом электр стансаларының құрылысына қарсы шыққан жағдайда энергетика саласында үлкен нәтижеге жеткізу қиын екенін жеткізді.