22 мамырда өткен акционерлер жиналысында осындай шешім қабылданды. Бұл туралы банктің ресми мәлімдемесінде жазылған.
Бұған дейін жарияланғандай, Халық банк 2019 жылы 334,511 млрд теңге көлемінде таза табысқа кенелген болатын. Қаржы ұйымының 25 млрд акциясы бар. Оның 13 млрд акциясы – орналастырылған, 11 млрд акциясы – айналымдағылар. Банктің артықшылық берілген акциялары жоқ.
Сәуір айында қаржы нарығын дамыту және реттеу жөніндегі Агенттік банктер мен сақтандыру компанияларына 2020 жылы дивидендтер төлемін жүргізбеуге кеңес берді.
Банктің акциялары қазақстандық қор биржасында, ал GDR Лондондағы қор биржасында саудаланады.
Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, 2020 жылдың 1 қаңтарында Халық банк еліміздегі 27 банк арасында активтер көлемі бойынша бірінші орынды иеленді.
Табиғат Нұрболат