Халық банк Altyn Bank акцияларының 60%-ын қытайлық CITIC Bank-ке сатпақшы

1246

Халық банк Altyn Bank акцияларының 60%-ын қытайлық CITIC Bank-ке сатпақшы

Қазақстанның Халық банкі China CITIC Bank Corporation Limited-ті стратегиялық инвестор ретінде тарту және "Altyn Bank" АҚ акциялары үлесінің  60%-ын сату жөнінде уағдаласты, деп хабарлады Халық банктің баспасөз қызметі.

Қол жеткен уағдаластық Халық банк пен CITIC Bank арасындағы тиісті меморандумда бекітілді.  Меморандумдағы келісімдер 2017 жылдың алғашқы жартысында жүзеге асырыла бастайды деп болжанып отыр.

Қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру мақсатында, қол қойған тараптар  Қытай мен Қазақстанның құзіретті органдарының келісімін алып, осындай мәмілелерге тән өзге де талаптарды орындаулары тиіс.

"Стратегиялық серіктестік "Altyn Bank" АҚ-ның инвестициялық банкинг, қаржыландыру және қазынашылық, юаньмен төлем жүргізу,  private banking мен бөлшек сауда банкингі өнімдерінде, банктік технологияларда мүмкіндіктерін кеңейтеді. Altyn Bank әмбебап банк болып қала береді әрі корпоративтік және жеке клиенттермен жұмыс жүргізу жұмысын одан әрі жалғастырады", – деген Халық банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың сөзі хабарламада келтіріліп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу