Halyk Bank арыстықтардың негізгі қарызын өтеу мерзімін 6 айға шегерді

1052

Банк басшылығы осы айдан бастап қала аумағында берілген барлық қарыздар бойынша 1 млрд теңгеден артық сомаға сыйақы есептеуін тоқтатты.

Halyk Bank арыстықтардың негізгі қарызын өтеу мерзімін 6 айға шегерді

Halyk Bank Арыс қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлерінің қолданыстағы қарыздары бойынша 2019 жылғы 1 шілдеден бастап сыйақы есептеуді тоқтатты, деп хабарлайды 24.kz.

Арыстық клиенттерді қолдау мақсатында банк басшылығы осы айдан бастап қала аумағында берілген барлық қарыздар бойынша 1 млрд теңгеден артық сомаға сыйақы есептеуін тоқтатты.

Айта кетейік, Арыстағы Halyk Bank борышкерлерінің саны – 3 мың 639 адам. Олардың жалпы қарыз сомасы 3 млрд 300 млн теңгеден асады. Осылайша жеке және заңды тұлғаларға 1 шілдеден бастап, келер жылдың 1 қаңтарына дейін несие бойынша негізгі қарызды өтеу мерзімі 6 айға шегерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу