Halyk bank "Астана LRT" компаниясының облигацияларын сатып алды

982

Halyk bank "Астана LRT" құрылысына жұмсаған қаражаттың қайтарымды болатынына сенімді. 

Halyk bank "Астана LRT" компаниясының облигацияларын сатып алды

Halyk bank "Астана LRT" компаниясының 400 млн доллар болатын облигацияларын сатып алды. Келісімнің мерзімі – 5 жыл, ал пайыздық мөлшерлемесі – 3,25. Бұл туралы банктің басқарма басшысы Үміт Шаяхметова "КазТАГ" агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның сөзінше, Halyk bank "Астана LRT" құрылысына жұмсаған қаражаттың қайтарымды болатынына сенімді. Бұл үкімет үшін де, LRT компаниясы үшін де және Halyk bank үшін де тиімді келісім болмақ. Себебі пайыздық мөлшерлеме көлемі екі есеге төмендеді, дейді Шаяхметова.

Сондай-ақ қаржыландыру келісіміне қаржы министрлігі кепілдік берген.

Айта кетерлік тағы бір жайт, Halyk bank-тің LRT құрылысына және онда қабылданатын шешімдерге еш қатысы болмайды. Банк тек қаржыландыру мәселесіне ғана араласады. Ал жеңіл рельсті транспорт құырылымына қатысты барлық жауапқкешілік пен шешімдерді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу