Қазақстандық өндірушілердің "ULTTYQ ÓNIM" көрмесінде бизнесмендер осындай мүмкіндікке ие. Олармен банк сарапшысы, танымал қаржыгер, Halyk Bank-тің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова бейресми диалог құрмақ. Бас қосу кәсіп иелеріне елдің қаржы нарығын дамытудың негізгі мәселелеріне жауап алуға мүмкіндік береді.
Оның ішінде санкцияның әсері мен ел экономикасында болуы ықтимал тәуекелдердің әсері жөніндегі сауалдарына жауап ала алады. Банк секторы мен Қазақстанның даму институттары және кәсіпкерлік қоғамдастықтың соңғы жыдардағы сын-қатерге қарсы өнімді тәжірибесі қаралатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу