Halyk Bank Georgia активтерін 7,4%-ға көбейтті

1028

2019 жылы қаржы институтының таза табысы 13,6%-ға төмендеген. 

Halyk Bank Georgia активтерін 7,4%-ға көбейтті

2019 жылы Халық банктің еншілес компаниясы грузиялық Halyk Bank Georgia активтерін 7,4%-ға, яғни, 513,3 млн лариге (ағымдағы бағам бойынша 179,6 млн доллар) көбейтті, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан. 

Мекеменің активтері жалпы Грузия банк секторы активтерінің 1,1%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың басында 1,2% еді. 

Өткен жылдың төртінші тоқсанында Halyk Bank Georgia активтері 0,06%-ға төмендеді. Ал қаржы институтының несие портфелі 5%-ға, яғни, 426 млн лариге өсті. Команияның міндеттемелері 405,3 млн лариді құрады. Оның ішінде 27,8%-ы (109,4 млн лари) клиенттердің депозиті. 

Сонымен қатар банктің жеке капиталы 25%-ға (108 млн лариге) өскен. 

2019 жылы қаржы институтының таза табысы 7,6 млн лари болды. 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,6%-ға төмен. 

Жалпы Halyk Bank Georgia 2008 жылдың қаңтарында құрылды. Банк акциялырының  100%-ына Қазақстанның Халық банкі иелік етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу