"Халық банк пен Қазкоммерцбанктің бірігуі – былтырғы жылы банк секторы үшін маңызды оқиға болды. Халық банк қазір банк секторы активтерінің 34%-на ие. Бұл - қалыпты құбылыс. Ұлыбритания, Италия, Швейцария, Франция, Ресей сияқты әлемнің көптеген елінде барлық нарықтың 30%-дан астамына ие болып отырған банктер бар. Қазақстанға шетелдік ойыншылармен ішкі және сыртық нарықтарда бәсекелесе алатын ірі қаржы институты керек", – деді Ұлттық банк басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар былтырғы жылы нарықтан әлсіз ойыншыларды шығару бойынша жұмыс жалғасқанын айтты.
"Тәуекелді саясат жүргізген үш банк лицензиясынан айрылды. Бұл банктерді жабу жұмысы аяқталып қалды және қазір төлемдерді беру басталды", – деп толықтырды Данияр Ақышев