Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандықтарға үлкен көлемдегі ақша үшін сауалнамадан өтуді сұрайтын алаяқтар туралы ескертуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаскүнемдер 350-700 мың теңге көлемінде ақша төлеуге уәде етіп жатыр. "Инстаграмда Халық банкінің атынан ақша үшін сауалнамадан өтуді ұсынуда. Алайда, бұл алаяқтық. Ақша жіберуді сұрайды, бірақ ештеңе төлемейді. Құқық қорғау органдарынан осы аккаунттар мен ақша жіберу шоттарын тексеруін сұраймын", - деп мәлім етті Фейсбук қолданушысы Игорь Несен.
Халық банкі клиенттеріне "ақылы сауалнамадан" өту туралы ескертті және өздерін алаяқтықтан қалай қауіпсіздендіруге болатыны туралы нұсқаулық жариялады.
"Алаяқтық хабарламаларда Halyk Bank-тың корпоративтік түстерін, қаріптерін, логотиптерін, өнімдер мен униформадағы қызметкерлердің суреттерін, жалған тұлғалардың өтірік пікірлерін, жалған "клиенттерді қолдау қызметтерінің" байланыстарын қолдануда. Кибер-алаяқтарға сіздерді алдап кетулеріне жол бермеңіздер!", - деді банктің әкімшілігінде.