Халық банк клиенттерінің Western Union арқылы аударымдары екі еселенген

1934

Western Union жаһандық халықаралық платформасы Homebank.kz 24/7 форматында интернет-банкинг жүйесіне біріктірілді.

Халық банк клиенттерінің Western Union арқылы аударымдары екі еселенген

Қазақстан Халық банкі (Halyk Bank) клиенттерінің наурыздағы Western Union арқылы аударымдар саны ақпанмен салыстырғанда екі есе көпбейген, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Бұл қызмет түрі 2018 жылдың қараша айында іске қосылған болатын.

Айта кетсек, Western Union жаһандық халықаралық платформасы Homebank.kz 24/7 форматында интернет-банкинг жүйесіне біріктірілді. Бұл миллиондаған клиенттерге 200-ден астам елде және әлем бойынша 525 000 Western Union қызмет көрсету нүктелерінде өз шотынан онлайн ақша аударымдарымен қолма-қол ақша төлеу үшін жолдауға мүмкіндік берді.

Қызметті іске қосқаннан бастап Homebank-тегі Western Union ақша аударымдарын мыңдаған клиент пайдаланып, әлемнің 60 елінде транзакциялар жасалды. Ең танымал бағыттар: Ресей, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия, Украина, Өзбекстан, Англия. Ал сирек жолданатын бағыттар: Гана, Бенин, Нигерия, Сенегал, Уганда, Того, Сьерра-Леоне.

Western Union Қазақстанда 1994 жылдан бастап ақша аудару қызметтерін ұсынады және 2009 жылдан бастап Halyk Bank-пен ынтымақтастық орнатқан. ҚР Ұлттық банкі деректері бойынша 2019 жылғы ақпанда Қазақстаннан халықаралық ақша аударымдарының әртүрлі жүйелері арқылы 39 137,5 млн теңгеге 167,3 мың транзакция жүргізілген.

Western Union аударымдарын жолдау және алу бойынша қызметтер Halyk Bank-тің бүкіл филиалдық желісінде көрсетіледі, оған 600-ден астам қызмет көрсету пункті кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу