Halyk bank мемлекеттен алған көмегін бірінші болып қайтара бастады

1181

Депозит түріндегі көмекті 2015 жылы Казкоммербанк алған.

Halyk bank мемлекеттен алған көмегін бірінші болып қайтара бастады Фото: inbusiness.kz

28,4 млрд теңге. Халық банк мемлекеттен алған көмегінің бір бөлігін уақытынан бұрын, яғни бүгін ең алғашқылардың бірі болып төледі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Анығын айтқанда, депозит түріндегі көмекті 2015 жылы Казкоммербанк алған. Ал, осыдан 5 жыл бұрын 2 банк бірігіп, ақшаны қайтару Халық банктің міндеті болып қалды. Мұның барлығы заңнаманың өзгеруіне байланысты. Яғни, қарэжы институты дивидент төлейтін болса, онда мемлекеттен алған көмекті уақытынан бұрын қайтаруы қажет. Енді биыл қаржы ұйымы былтырғы дивиденттерін акционерлерге төледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу