Halyk Bank Өзбекстанға салынатын инвестиция көлемін арттырмақ

845

Бұл туралы бүгін Ташкентте өткен іскерлік кездесуде банк төрағасы Үміт Шаяхметова айтты. 

Halyk Bank Өзбекстанға салынатын инвестиция көлемін арттырмақ

Құрылыс саласынан бастап мұнай өңдеу компанияларына дейін 50-ден астам кәсіпкер бүгін Ташкентте бас қосты. Барлығы Халық банкпен тығыз жұмыс істейтін бизнес өкілдері. Кәсіпкерлердің басты мақсаты - қаржы ұйымы мен кәсіпкерлер арасындағы іскерлік қатынасты одан әрі дамыту, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өзбекстан біз үшін стартегиялық маңызды бағыт. Мұндағы Транзакциялық банкинг пен цифрлық платформаларымыз бір жолға қойылған. Айта кететіні бұрын Ресеймен жұмыс істеген аймақтағы компаниялар тарапынан Халық банкте корреспонденттік шоттар ашуға деген үлкен сұраныс бар. Біз тек барлық заңды талаптарға сай келетін жеке не заңды тұлғалармен жұмыс істейміз. Бұл біздің қаржылық ұйымға деген сыртқы нарықтағы сенімді арттырады", дейді Halyk Bank Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова.

Halyk Bank-тың  көршілес 6 мемлекетте филиалы ашылған. Ал Өзбекстандағы қаржы ұйымының еншілесі "Тенге банктің" қызметін 1,5 мыңға жуық компания пайдаланады екен. Тағы 200 мыңнан астам адам мобильді қосымшасының тұрақты қолданушысы. 

"Жыл басынан бері Теңге банктің несиелік портфелі 30 пайызға көбейді. Біз бизнесмендерге толық транзакциялық қызметтерді көрсетеміз. Ол депозит шоттарын ашудан бастап трансшекаралық сауда айналымы кезіндегі барлық қаржылық операцияларды қамтиды. Алдағы уақытта цифрландыруды әрі қарай дамыту жоспарда", дейді Tenge Bank Басқарма Төрағасы Талғат Аюпов.

Жиынға қатысқан кәсіпкерлер банк жұмысын тиімдірек ететін ұсыныстарымен бөлісті. 

"Біздің компания 2020-сыншы жылдан бері Халық банкпен тығыз жұмыс істейді. Сол жылы 6,5 миллион АҚШ долларына жуық алғашқы несиені алдық. Ол қаржы әуе кемелеріне арналған жанармай құю бекетінің жобасына керек болды. Бұл жобаны қазақстандық компаниямен серіктес ретінде жүзеге асырып жатқан соң Тенге банктен несие алған дұрыс деп шештік", деді кәсіпкер Мансұр Махмұтов.

Халық банктің Өзбекстан нарығына кіргеніне 3 жыл болды. Осы аралықта қаржы ұйымы елге 500 миллион доллардан астам инвестиция құйған. Оның басым бөлігі Өзбекстандағы шағын және орта бизнеске бағытталған. Сондықтан бүгін Ташкентте өткен Шетелдік инвесторлар кеңесіне Халық банк төрағасы Үміт Шаяхметова Қазақстан атынан қатысты. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев ірі инвесторлардың ел экономикасының дамуына қосып жатқан үлесі зор деп атап айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу