Halyk Bank пен Qazkom жеке қаржы институты ретінде қызметін жалғастыра береді

813

Qazkom жұтылмайды, күшейеді

 Halyk Bank пен Qazkom жеке қаржы институты ретінде қызметін жалғастыра береді

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, Halyk Bank пен Qazkom осыған дейінгідей жеке қаржы институты ретінде қызметін жалғастыра береді. Бұл туралы Halyk Bank АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Әлменов айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Qazkom-ның салымшылардың, клиенттердің және инвесторлардың алдындағы міндеті сақталады. Банктердің атауы өзгермейді, ребрендиг болмайды. Әр банк өзінің брендімен қызмет көрсетеді.

"Qazkom БТА банк секілді жұтылып кетпейді. Ол Halyk Bank-тің еншілес ұйымына айналады. Оның қаржы ұйымы ретіндегі мәртебесіне, осыған дейін ұстанған саясатына нұқсан келмейді. Керісінше қаржылық тұрақтылыққа байланысты Qazkom күшейеді", – деді Марат Әлменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу