Halyk Bank-тің мажоритарлы акционері құнды қағаздарының бір бөлігін сатпақ

1016

Қазіргі таңда банктің 25 миллиард акциясы бар. 

Halyk Bank-тің мажоритарлы акционері құнды қағаздарының бір бөлігін сатпақ

Халық банктің мажоритарлы акционері өзінің құнды қағаздарының бір бөлігін биржаға шығаруды көздеп отыр. "Алмэкс" холдингтік тобы мұндай шешімге бірқатар инвестордың өтінішінен кейін келген.

Үлестік қағаздарды сатылымға шығарғанына қарамастан, "Алмэкс" Халық банктің негізігі акциялар пакетін иелігінде ұстап отыра бермек.

Қазіргі таңда Халық банктің 25 миллиард акциясы бар. Соның 13 млрд 447 млн 544 мыңы сатылымға шығарылса, қалған 12 миллиардқа жуығы өз иелерін тапқан. Банктің ерекшелігі бар құнды қағаздары жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу