Халық банк жарты жылдың қаржылық нәтижесін шығарды

1216

Халық банк жарты жылдың қаржылық нәтижесін шығарды

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ және оның еншілес ұйымдары 2017 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айға шоғырландырылған аралық қаржы нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды abctv.kz.

Халық банктың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдың өткен жеті айы табысты болған. Біріншіден Қазақстанның банк секторында көшбасшы болып әрі нарықтықтағы орнын нығайта түссе, екіншіден "Казкоммерцбанк" АҚ акцияларының соңғы пакетін сатып алудағы мәмілені аяқтады. Бұл сатып алуға халықаралық рейтингтік агенттік Moody's оң баға берді - Moody's Халық рейтингін "Ba1" дейін көтеріп, "жағымсыз" болжамды "тұрақтыға" ауыстырған.

Халық банк-тің алғашқы жарты жылдағы таза табысы 40,4 миллиард теңгені құрады. Өткен жылдың балама уақытымен салыстырғанда аталған көрсеткіш 18% артық.

2016 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда пайыздық кіріс 17,5%-ға өскен. Бұл пайыздық активтердің орташа қалдықтарының 28,0%-ға ұлғаюы және клиенттерге берілген заемдар бойынша орташа пайыздық мөлшерлеменің 12,9%-дан 13,1% дейін өсуіне байланысты болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу