Халық банкі Altyn bank-ті қытайларға сатты

1231

Халық банкі Altyn bank-ті қытайларға сатты

Қазақстан Халық банкі АҚ China CITIC Bank Corporation Limited-пен толықтай Қазақстан Халық банкінің иелігіне жататын еншілес ұйымы "Altyn Bank" АҚ-ның акционерлік капиталының 60 пайызын сату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды naryk.kz.

Транзакцияның аяқталу мерзімі 2017 жылдың екінші жартысында деп күтілуде, деп жазады Халық банктің баспасөз қызметі.

Транзакция аяқталғаннан кейін Компанияның 40 пайызы Халық банкінің иелігінде қала береді және сатып алушымен орнатылған акционерлік келісімге сәйкес, компанияны басқару құқығы күшіне енеді.

"Қазақстан Халық банкі" АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова қол қойылған келісім бойынша пікір білдірді: "Қытайлық бағдарлама "Бір белдеу. Бір жол" шеңберінде қазақстандық компаниялар өз бизнесін Қытайда дамытқысы келетінін байқаймыз және біздер де клиенттеріміздің қажеттіліктеріне байланысты әрекет етеміз. Қытай – қазақстандық бизнес үшін қызметтер мен тауарларды өткізу барысында үлкен мүмкіндіктерді ашатын келешегі бар нарық.

"Алтын банк" АҚ өз кезегінде өзінің қазақстандық клиенттеріне қажетті банктік қолдау көрсете алады – мысалы, теңгені тікелей юаньға айырбастау, саудалық қаржыландыру, қазынашылық операциялары және несиелендіру бойынша.

CITIC Bank Алтын банк үшін стратегиялық серіктес ретінде рөлін сомдап, оның мүмкіндіктерін кеңейтіп, мәртебелі халықаралық қаржы институты мәртебесін және өз бизнесінің мөлшері, сондай-ақ CITIC Bank технологияларына қол жеткізу мүмкіндігінің арқасында Алтын Банк нарықтағы өз ұстанымын күшейте алады".

Айта кетейік, "Altyn Bank" АҚ (Қазақстан Халық банкі АҚ ЕБ) Қазақстан нарығында "Қазақстан HSBC Банкі" АҚ ЕБ атауымен 1998 жылдан бастап келе жатыр, Қазақстан Халық банкі 2014 жылғы қараша айында сатып алды. Алтын банк кең ауқымды өнімдер мен қызметтерді бөлшек сауда мен корпоративтік клиенттерге ұсынатын әмбебап коммерциялық банк болып табылады.

"Altyn Bank" АҚ бөлімшелері Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында бар және Алматы қаласында екі бөлімше орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу