"Халық банкі" орта және шағын бизнеске жыл басынан бері 2 млрд 686 млн теңге субсидия берілген. Бұл қаражатқа 36 кәсіпкер қол жеткізіп отыр. Бұл Даму-өндіріс және кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Мәселен, "Даму" бағдарламасы аясында 13 азаматқа 1 млрд 280 млн теңге жеңілдетілген несие берілсе, екінші бір мемлекеттік қолдау бағдарламасы негізінде 1 млрд 658 млн теңге субсидияға 23 кәсіпкер қол жеткізген. Халық банкі мен Атамекен кәсіпкерлер палатасы өткен жылы кәсіпкерлікті қолдау және сапалы банктік қызмет көрсетуге қатысты "Бірлескен іс-шараға" қол қойған болатын. Соның негізінде бүгін елорданың Халық банкінде бизнес бастаушыларға арналған семинар өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу