Халық банкі Казкомды сатып алады

685

Халық банкі Казкомды сатып алады

"Халық банкі" АҚ  мен "Қазкоммерцбанк" АҚ арасында сату-сатып алу туралы келісім жасалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы  Данияр Ақышев айтты.

"Қазіргі таңда екі банк арасындағы өзара меморандумға сәйкес бірқатар шаралар жүзеге асып жатыр. Атап айтқанда, активтердің сапасын кешенді тексеру (due diligence), сату, сатып алу туралы келісімшарт және  басқа да қажетті құжаттар жасалу үстінде", - деді Д.Ақышев.

Оның айтуынша, аталған мәміленің жүзеге асуы екі жақтың мамандарының біріккен жұмысына байланысты болмақ. Айта кету керек, бұдан бұрын Халық банкінің Қазкоммерцбанкті сатып алуда сақтық танытып жатқанын жазған едік.  


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу