Халық Барысы халықтан шығады

1141

Белдесуден ІІ "Халық Барысы" республикалық турнирі өтеді

Халық Барысы халықтан шығады

Алматы қаласында 25-26 мамырда қазақ күресінің бір тармағы - белдесуден республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметі. Осы жылы 20 миллион жүлде қоры үшін күресуге Қазақстанның барлық өңірінен 1000-ға жуық балуан қатысады деп күтілуде.

Екінші рет өткелі отырған турнир "Рухани жаңғыру" мақаласын іске асыру мақсатында ұмыт қалған көне балуандық өнеріміз "белдесу" спорт түрін қайта жаңғыртуды жүзеге асыру, жастарды спортқа тарту, қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін насихаттап, спорттық салт-дәстүрін сақтауға жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылады.

Турнир "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде өтеді.

Халық арасынан шығатын барысты анықтау шарасын ҚР мәдениет және спорт министрлігі, ҚР қазақ күресі федерациясы және "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қоры Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу