Нalyk халықаралық Green Finance Awards сыйлығын иеленді. Марапат банкке тұрақтылық құндылықтарын ұстанғаны және орнықты даму қағидаттарын тиімді енгізгені үшін берілді. Сыйлық Астанада өткен "Astana Finance Days 2023" конференциясында табысталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Әлемнің 70 елінен 3 мыңға жуық адам қатысқан "Astana Finance Days" конференциясында инвестиция тарту, жасыл экономика, цифрландыру мәселелері қаузалды. Жиында талқыға түскен өзекті тақырыптың бірі елдегі цифрлық төлем жүйесі. Бұл мәселеде еліміздің банк өкілдері өз ойларын ортаға салып, саланы серпілтуге қатысты пікір білдірді. Мәселен бүгінде 6,5 миллионға жуық тұтынушысы бар Halyk Bank-тің өкілдері банк қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметті барынша тиімді ету мәселесін көтерді.
"Біз мемлекеттік қызмет ұсыну бағыты бойынша көш басындамыз. Тұтынушыларымызға 45 түрлі қызмет онлайн түрде қолжетімді. Бүгінде біздің қосымша арқылы 13 млн-нан астам мемлекеттік қызмет алынған. Halyk Invest сервисін ерекше атап өткім келеді. Уақыт өткен сайын танымалдығы артып келеді. Қазірдің өзінде жарты миллионға жуық есепшоттар ашылып, белсенді қолданылып келеді", - деді Halyk АҚ Басқарма мүшесі Жұмабек Мамытов.
Спикер Halyk Invest кез-келген қазақстандықтың инвестиция салып, өз қаржысын тиімді басқарауға жол ашатынына сенімді. Соңғы жылдарда банктің қызметін тұтынушылар 1 милиионнан 6,5 миллонға жеткен. Әсіресе банктің мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызмет алушылар қатары көбейіпті. Банк басшылығы бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі күшейтуді көздеп отыр. Жиында Visa ұсынған жаңа төлем жүйесі таныстырылды.
"Экспорт-импортпен айналысатын компаниялар енді шетелге қаржыны еш қиындықсыз аудара алады. Осыған дейін бұл процесс тым ұзақ еді. Оны бақылау да мүмкін болмады. B2B Connect төлем жүйесі бұл олқылықтардың орнын толтырды", - деді VISA Вице-президенті Кристина Дорош.
Форумда Орталық Азия, Шығыс Еуропа, Кавказ және Моңғолия аймағында тұрақты қаржыландыру нарығын дамытуға үлес қосқан жеңімпаздар марапатталды. Жеңімпазды таңдау кезінде 5 номинацияның әрқайсысында экологиялық критерийлерді қамтитын жобалар және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша қол жеткізілген нәтижелер ескерілген.
"Біз жасыл экономиканы нығайтуға қосқан үлесіміздің еленгеніне ризамыз. Банк бұл бағытта орасан зор жұмыс жүргізуде және біздің күш-жігеріміз халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болғанына қуаныштымыз. Тұтынушылырамыздың, акционерлеріміздің және серіктестеріміздің сенімі біздің стратегияның тиімділігін дәлелдейді. Ал мұндай беделді марапаттар Halyk-тың жаңа жеңістері мен жетістіктерге жету жолындағы ең жақсы мотивация", - деді Halyk Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Көшенов.
2021-2022 жылдар аралығында Halyk жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын электр станцияларын салу және пайдалану бойынша бірнеше жобаларды қаржыландырды. Бұл бағытта жұмыстар тоқтап қалмайды деді банк басшылығы. Сонымен қатар Halyk жақын арада жасыл автонесиелеу бағдарламасын да жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.