Қазақстандықтар қай депозит түрін көбірек таңдайды?

1044

Қарашаға қарай жеке тұлғалардың қазақстандық банктердегі салымдары 12,62 трлн теңгеге дейін жетті. Бұл былтырғыдан 20,6%-ға өскенін көрсетеді. 

Қазақстандықтар қай депозит түрін көбірек таңдайды?

Банктер арасында "Отбасы банк" халық салымдарының абсолютті көшбасшысы болып тұр. Оның жиынтық портфелі бір жылда бірден 53,4%-ға (1,51 трлн теңге) ұлғайған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі finprom сайтына сілтеп.

Бөлшек депозиттердің жылдық өсімі бойынша Bank RBK (44,3% немесе 315,3 млрд теңге өсім) мен Jusan Bank (43,2% немесе 691,2 млрд теңге өсім) алдыңғы орындарда.

Айта кетсек, Отбасы банкі зейнетақының "артығын" алуға берілген мүмкіндіктің әсерінен емес, оған дейін де көшбасшы саналған. Мәселен, былтырғы қарашада бөлшек салымдар қоржынының жалпы өсімі 17,6% болған. Бұл елімізде тұрғын үйге сұраныстың жоғарылығын көрсетеді. Экономикадағы дағдарыс құбылыстарына қарамастан салымшылар болашақ тұрғын үйге инвестициялар салуды тоқтатпаған. 

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ақпарына сәйкес, коммерциялық банктерде бір жылға мол ақша салатын депозиттер бойынша – 12,7%, ал екі жылға арналған депозиттер бойынша салған қаражатыңызға 11,4% қосылады. Қаражатты кез келген уақытта шешіп аламын деп депозит ашсаңыз, онда бар болғаны 9,3% қосады. Инфляция деңгейі 8,7% екенін ескерсек, мұндай салымдарға қызығушылық төмен.

Ақпарат көзі елімізде жылжымайтын мүлікке инвестиция салғандардың ұтылмайтынын жазады: "Жылжымайтын мүліктің бағасы ұзақ мерзімді динамикада ерте ме, кеш пе, қымбат еуро мен долларға жетеді және сенімді инвестиция болып қала береді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу