"Халық қалай да тоқтат десе, онда тоқтатамыз" – Зайсан газын Қытайға сату туралы министр

2302

Зайсан халқы жуықта ғана экспорты тоқтатылған газ қайта Қытайға сатылып кете ме деп алаңдап отыр. Энергетика министрі халықтың тілегін ескеретінін айтады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Халық қалай да тоқтат десе, онда тоқтатамыз" – Зайсан газын Қытайға сату туралы министр

"Газ экспортын Қытайға уақытша тоқтаттық. Кеше кездесу барысында комиссия құру керектігіне көзіміз жетті. Министрлік өкілдірімен қатар ол комиссияға жергілікті тұрғындар да кіреді. Егер олар қалай болса да тоқтатамыз десе, онда біз тоқататамыз", - деді министр Болат Ақшолақов.

Айта кетейік, ШҚО-дағы Сарыбұлақ кенішінен жеті жылда газдың негізгі бөлігі Қытайға сатылып болды. 3 млрд 200 млн текше метрден астам газ экспортталды. Қазір 300-400 млн текше метр қор қалды. Ол сыртқа шығармаса, аудан халқына 11 жылға жетеді деген болжам жасалған.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу