"Халық қалап тұр, отставкаға кетуге дайынсыз ба, Ғали Есқалиев мырза?"

936

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары аймақ әкімінің отставкаға кетуін талап етіп петиция жариялады. Авторлар, әсіресе жолдардың сапасына разы емес. Наразылыққа әкімнің көзқарасы қандай, орынын босатуға дайын ба?

"Халық қалап тұр, отставкаға кетуге дайынсыз ба, Ғали Есқалиев мырза?"

Бұл сұраққа әкім Ғали Есқалиевтің өзі үкімет кулуарында жауап берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Әр өңірдің өзекті мәселесі бар. Өздеріңіз білесіздер, заң бойынша, президент шешім қабылдайды", – деді ол.

"Ал халық қалап тұрғанда азаматтық танытып, орыныңызды босатуға дайынсыз ба? Лауазымды қимай тұрсыз ба?", – деп сұрады журналистер.

"Бәріне бірдей жаға алмаймын. Бірақ президент шешім қабылдаса, кетуге дайынмын", – деді Есқалиев.

Ол петицияны оқымағанын, танысқан соң нақты пікір айта аламын дегенді айтты.

Журналистердің айтуына қарағанда, шамамен үш облыс әкімінің ғана отставкаға кетуін талап ету петициясы жарияланды. "Көп емес". Солардың бірі – Ғали Есқалиев.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу