Халық қалаулысы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетті

1461

Бұл деректі Қорғаныс министрлігі растап отыр. 

Халық қалаулысы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетті Фото: Голос народа

Ведомство атақты спортшы әрі мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кетуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"2 шілде күні Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен. Әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Бүгінгі таңда аталмыш дерек бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.

Айта кетейік, осыған дейін заңгер Анна Чернова депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткенін мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу