Халық калориясы аз тамақтарға ауып барады

853

"Павлодар мен Алматы облыстарында жоғары, Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында төмен".

Халық калориясы аз тамақтарға ауып барады

2021 жылы тұтынылған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы жан басына шаққанда күніне орташа есеппен 3111 ккал құрады. 2020 жылмен салыстырғанда тұтынылатын өнімдердің калория мөлшері 9,2%-ға төмендеді (күніне 314 ккал-ға). Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Айта кетейік, ауылды жерлердегі халықтың тамақтануындағы энергетикалық құндылық жоғары – 3 207 ккал, ал қалалық жерде – 3 044 кКал.

Жалпы барлық өңірде халық тұтынған тамақ өнімдерінің нақты энергетикалық құндылығының деңгейі ең төменгі қажеттілік мөлшерінен асады. Павлодар және Алматы облыстарындағы тұрғындардың ас мәзірі жоғары калориялы болып шықты. Ал Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары калориясы аз тағамдарды тұтынатыны анықталды. 

"Халық тұтынған тамақ өнімдерінің құрамын қарастыратын болсақ, онда көмірсулардың үлесі басым – 53,6%. Ал тәулік ішінде тұтынылған тамақтағы майлардың үлесі – 33,1%, ақуыздардікі – 13,3%. Ауылдық жердегі халық рационындағы көмірсутегінің үлесі (нан өнімдері және жарма өнімдері) қалалық жерге қарағанда жоғары. Құрамында ақуыз және майы өте жоғары (ет және ет өнімдері, сүт өнімдері және жұмыртқа) өнімдердің үлесі ауылға қарағанда қала тұрғындарында жоғары", деп жазылған зерттеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу