Астана қаласында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасына жобалар дайындау бойынша дәріс өткізіледі, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Өткен жылы "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасының сараптамалық кеңесі тұрғындардың өтінімдерінің 40%-ын қабылдамады. Ұсынылған 73 жоспардың 29-ы бағдарламаның критерийлері мен ережелеріне сәйкес жасалмаған болып танылды. Дауыс беру кезеңіне өтетін егжей-тегжейлі жобаны қалай құруға болатыны туралы "Халық қатысатын бюджет" жобасы бойынша өткізілетін дәрісте айтылады.
Спикерлер жобаны қалай дұрыс визуализациялау және іске асыруға керек соманы есептеу жайында кеңестермен бөліседі.
Өз аулаңызды егжей-тегжейлі талдау және кеңес алу үшін өзіңізбен бірге абаттандыру жоспарланған аумақтың бейнесі мен нақты өлшемдерін алып келуіңіз керек екенін атап өткен жөн. Дәріске тіркелу үшін @saryarqaaudany парақшасының басты бетінде көрсетілген сілтеме бойынша өту керек. Дәріс 28 қаңтарда сағат 11:00-де Сарыарқа даңғылы, 13 мекенжайында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтардан бастап Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасына жобалық ұсыныстарды қабылдауды бастады. Өтінімдер 1 наурызға дейін қабылданады. Осы кезеңде тұрғындар нақты өзгерістерді және жоба үшін қажетті соманы көрсете отырып, абаттандыру жоспарын әзірлеуі керек. Дайын жоспарды қала тұрғындары аудандық аппараттың ресми сайтына жүктейді. Өтінімдер техникалық тексеру және талдау кезеңінен соң тұрғындардың дауыс беруіне шығарылады.