"Халық қатысатын бюджет" жобасына миллиардқа жуық теңге бөлінбек

651

Келер жылы Павлодарда "Халық қатысатын бюджет" жобасын қаржыландыруды 8 есеге арттырмақ. Осы жылы 120 млн теңге бөлінді.  

"Халық қатысатын бюджет" жобасына миллиардқа жуық теңге бөлінбек Фото: inform.kz

Аталған сомаға Павлодар қаласындағы бірқатар аулалар абаттандырылып, балалардың ойын алаңдары салынды.

Адамдар тынығатын орындықтар мен спорттық тренажерлер орнатылды.

Тұрғындардың өздері тікелей қатыса алатын мұндай бағдарламаны кеңейту үшін, әлбетте қаржат қажет. Сол үшін Павлодар билігі, 2023 жылы жобаға млрд теңгеге жуық қаржы қарастыруды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу