Халық кедейленіп барады: күнкөріс деңгейі төмен, баға жоғары

1458

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 1% төмендесе, тауарлар мен қызметтердің бағасы 0,7% өскен. 

Халық кедейленіп барады: күнкөріс деңгейі төмен, баға жоғары

2021 жылғы шілдеде ең төменгі күнкөріс деңгейі 38,4 мың теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (33,7 мың теңге) 14,1% артық.

Сондай-ақ бір айда ең төмен күнкөріс деңгейі 0,9% азайды.

Осы уақытта инфляция деңгейі жаңа антирекорд орнатты. 2016 жылдың соңынан бастап алғаш рет инфляция 8,4% болды. 

Сонымен қатар азық-түлік тауарлары бір айда 0,7%, азық-түлік емес тауарлар – 0,5%, ақылы қызметтер – 0,8% қымбаттаған. 

Өңірлер арасында ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша Маңғыстау облысы көшбасында: 44 мың теңге – республика бойынша орташа мәнмен салыстырғанда 14,3% артық.

Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (43,4 мың теңге) және Алматы (40,8 мың теңге) енді. Бұл еліміз бойынша орташа көрсеткіштен 12,8% және 6,2% артық.

Үздік бестікте Шығыс Қазақстан (39,6 мың тг) және Павлодар (39,3 мың тг) облыстары тұр.
Жоғарыда аталған өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық деңгейден асады.

Ең төменгі мән Батыс Қазақстан облысында: 34,7 мың теңге – Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 9,8% аз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу