"Халық" қоры Мақтааралға 50 тоннадан артық гуманитарлық көмек жолдады

1093

Түркістан облысындағы су тасқынынан тұрғындар орасан зор зардап шегіп, бірнеше үй су астында қалды.  

"Халық" қоры  Мақтааралға 50 тоннадан артық гуманитарлық көмек жолдады

"Халық" қайырымдылық қоры Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 50 тоннадан артық гуманитарлық көмек жолдады, деп хабарлайды Halyk Bank өзінің facebook парақшасында.

"Халық" қайырымдылық қоры қашанда қиын жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созады. Міне, бұл оқиға да Қордың назарынан тыс қалған жоқ. Сол себепті тез арада шешім қабылданып, Қор атынан Мақтаарал ауданында апаттан зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік жолданды.
Азық-түлік жиынтығы күнделікті тұтынатын қажетті тағамдардан: күріш, ұн, макарон, май, шай, қант жәе тәттілерден құралады. Бүгінде гуманитарлық көмек ауданға жөнелтілді және олар тұрғындарға жергілікті әкімдіктер берген тізімге сәйкес, Halyk Bank қызметкерлері мен еріктілермен таратылады", – делінген жазбада

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, бірігіп әрекет жасау арқылы ғана қандай да болмасын қиындықты жеңіп шығуға болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу