Халық құм аралас су ішіп отыр

754

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы "Сырдария" және "Талап" топтық су құбыры жобаларын жүзеге асыруға 11 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Алайда халық жобаның түпкілікті нәтижесін көрген жоқ.  

Халық құм аралас су ішіп отыр

Сенатор Нариман Төреғалиев үкімет басшысының орынбасары Роман Склярге жолдаған депутаттық сауалында осылай дабыл қақты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қыруар қаржы бөлінген жоба аясында Жаңақорған ауданындағы 28 елдімекеніннің 43 мыңға жуық тұрғыны таза ауыз сумен қамтылуға тиіс еді. Алайда жоспар жүзеге аспады. 

Нариман Төреғалиевтің айтуынша, қазір Талап су өндіру кешенінде қазылған 8 ұңғымадан құм аралас су шығып, халық соны ішіп отыр. 

"Екі топтық су құбыры сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінің тізбесіне енгізілмеген. Салдарынан халық ауыз суға толық тарифпен төлеуге мәжбүр. Ауыз су халыққа уақытпен шектеліп беріледі. Жоба іске толық қосылмағандықтан тұрғындар ауыз суды аулада орналасқан шахталық құдықтардан немесе кіші ұңғымалардан ішуге мәжбүр болып отыр", – деді депутат. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу