Халық малды мотоциклмен бағатын болған – депутат

205

Бүгінде мотоциклдің бағасы қолжетімді. 

Халық малды мотоциклмен бағатын болған – депутат Фото: turkystan.kz

Мәжілістің пленарлы отырысында депутат Анас Баққожаев мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Парламенттің төменгі палатасында "Жол жүрісі туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.

"Заң жобасының ауылға деген ықпалы алаңдатады. Соңғы кездері халық малды мопедпен, мотоциклмен бағатын болды. Неге? Себебі, мопедтің де, мотоциклдің де бағасы арзан, қолжетімді. Қазақтар баланы 5 жасынан бастап атқа мінгізеді. 10-15 жасында атпен мал бағып жүрген балалар бар. Мотоцикл мен мопедтен төнетін қауіпті аттан да алуға болады. Бірақ та, аттан "права" сұрамаймыз ғой. Сол себептен ауылдарда мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға мопедпен, мотоциклмен тас жолда жүру үшін ерекше шарттар жасау керек шығар", - деді депутат.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың сөзінше, ауылдық жерлердің асфальт төселмеген аймағында шаруалар мопедті жиі қолдана бермейді. 

"Олар көбінесе мотоцикл қолданады. Тіркеу жұмыстары көп шығын әкелмейді. Сондықтан мұнда ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын", - деп жауап берді ведомство өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу