"Халық мүддесін бірінші орынға қоямын": Бақытжан Базарбек осы жылдың ең үздік депутаты атанды

642

Бұрынғы депутат Бақытжан Базарбек "2026 жылдың ең үздік Парламент депутаты" атанды.

"Халық мүддесін бірінші орынға қоямын": Бақытжан Базарбек осы жылдың ең үздік депутаты атанды Фото: inform.kz

Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Халық сүйіктісі" ұлттық премиясында "2026 жылдың ең үздік Парламент депутаты" номинациясы бойынша жеңімпаз атандым. Халықтың мүддесін бірінші орынға қоятын мен үшін бұл марапаттың орны ерекше. Өйткені бұл – халықтың маған берген бағасы, еңбегіме көрсеткен құрметі. Жалпы, "Халық сүйіктісі" ұлттық премиясында "Жылдың үздік Парламент депутаты" атануым – бірінші рет емес. 2023 жылы қазіргі Ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовамен бірге "2023 жылдың үздік Парламент депутаты" атанған едік. Ал 2024 және 2025 жылдары да осы байқаудың финалына дейін жеттім", – деді экс-депутат.

Бақытжан Базарбектің сөзінше, мұның бәрі – еңбегіне жоғары баға беріп, ақ пен қараны ажырата білетін халықтың арқасы.

"2026 жылы да көптеген шаруа атқардым. Олардың барлығын жақын арада жеке-жеке тарқатып айтатын боламын. Биліктің сүйіктісі болмасам да, халқымның сүйіктісі болуға тырыстым. Сол сара жолда талай сыннан өтсем де, халқымның мүддесі әрдайым жүрегімнен орын алды. Бүгінгі марапат – соның бір дәлелі деп білемін", – деп атап өтті ол.

Экс-депутат алдағы уақытта Құрылтайдың жаңа депутаттарымен бірге заңдарды жетілдіруге, ел мүддесіне қызмет ететін бастамаларды жалғастыруға атсалысатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу