Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында коммуналдық қызметтер бойынша дебиторлық берешектің сомасын атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Коммуналдық қызметтерді тұрақты көрсетудің маңызды шарттарының бірі – тұтынушылардың берешегін өтеуі. Бүгінгі таңда заңды және жеке тұлғалардың коммуналдық қызметтер бойынша дебиторлық берешегі шамамен 19 миллиард теңге болды", – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.
Ерсайын Нағаспаев ең жоғары берешек Алматы қаласында қалыптасқанын айтты.
"Дебиторлық берешектің жоғары болуы табиғи монополиялар субъектілеріне бекітілген инвестиция бағдарламасын толық іске асыруға мүмкіндік бермейді", – деп атап өтті ол.