Халық санағы: 9 мдрд теңге нақты неге жұмсалады?

689

9 мдрд теңге! Дәл осынша қаражат алдағы халық санағын өткізуге жұмсалмақ, деп хабарлайды Atameken Business.  

Халық санағы: 9 мдрд теңге нақты неге  жұмсалады?

Әрине, аз ақша емес. Сондықтан қоғам арасында да бұл мәселе қызу талқыланып жатыр. Ұлттық статистика бюросы санаққа кететін бюджеттің есеп-қисабын жасап, түсіндірме жасауды ұйғарыпты.  Сонымен, ведомствоның мәліметінше, қаражаттың жартысынан көбі, яғни 4,7 миллиард теңгесі санақ науқанын жүргізуге қатысатын 32 мыңнан астам адамның еңбек-ақысына төлеуге жұмсалады. Тағы 1 млрд теңге электронды статистика ақпараттық жүйесін жаңартуға кетуі тиіс. Іс-сапар шығыны 400 млн теңгеге деп қарастырылған. Одан бөлек, тозығы жеткен көлік паркін де ретке келтіру осы бюджеттің есебінен болмақ. Жалпы, халық санағы әрбір 10 жыл сайын елімізде өткізіліп тұратын науқан. Осы жолғысы былтыр ұйымдастырылуы тиіс еді. Бірақ пандемияға байланысты шегерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу