Халық санағы кезінде үйге келген бөгде адамның интервьюер екенін қалай танимыз

900

Халық санағы аясында сауалнама жүргізетін интервьюерлердің барлығы COVID-ке қарсы вакцина алған. Бұдан бөлек олар жеке қорғаныш заттарымен қамтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Халық санағы кезінде үйге келген бөгде адамның интервьюер екенін қалай танимыз

Интервьюер қызметіне бастамашыл, жауапты, коммуникабельді, компьютерде жұмыс жасай алатын 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары тартылғанын жеткізді. Сауалнама жүргізетін қызметкерлер жұмысында планшетті қолданатын болады.

Интервьюердің міндетіне еліміздің қалалары мен ауылдарындағы үй шаруашылықтарын жаппай аралау кіреді. Үйлерді аралау кезеңінде интервьюрерге арнайы куәліктер мен Ұлттық санақтың логотипі бейнеленген көк түсті шарф пен сөмке берілетін болады.

"Куәлікте аумақтық статистика департаменті басшысының қолымен және мөрімен расталған интервьюердің фотосуреті, толық аты-жөні болады. Куәліктің жоғарғы бөлігінде тіркеу нөмірі көрсетіледі. Бұл нөмірді sanaq.gov.kz сайтында "Интервьюерді іздеу" жолағына енгізуге болады, содан кейін сайтта интервьюердің деректері көрсетіледі. Сондай-ақ интервьюердің жеке басын 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы да тексеруге болады", – дейді бюродан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу