Бұл туралы Халық санағын өткізу бойынша онлайн баспасөз-конференциясы барысында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"2021 жылғы Халық санағына алынатындарға тоқталсақ, Қазақстан азаматтары, ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттік билік органдары желісі бойынша шетелде қызмет бабымен 12 ай және одан да көп жүрген Қазақстан азаматтар мен олардың отбасы мүшелері, "Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша оқитындар. Сонымен қатар бұл тізімде тұрғылықты жері басқа елде, бірақ есепке алған кезде 12 айдан аз Қазақстан аумағында жүрген шетелдіктер де бар", – деді спикер.
Сондай-ақ Айдар Әбілдабеков санаққа қатыспайтын азаматтарға да тоқталды.
"Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары, "Болашақ" бағдарламасын және студенттер алмасу бағдарламасын қоспағанда шетелге 12 ай және одан да көп мерзімге жұмысқа немесе оқуға кеткен ел азаматтары, өз мемлекеттерінің және басқа елдердің дипломатиялық өкілдіктерінде жұмыс істейтін шетелдік азаматтар, шетелдік әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері", – деді департамент басшысы.
Құралай Құдайберген