Халық саны 18,2 миллионнан асты

2229

Халық саны 18,2 миллионнан асты

2018 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, Қазақстанда халық саны 18 млн 232 адамды құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 238,5  мың адамға немесе 1,3 процентке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметі бойынша, қала тұрғындарының саны 10 млн 492,2 мың адамды немесе жалпы халықтың 57,5 процентін құраса, ауылдық жерде тұратын адамдар саны 7 млн 739,8 мың адамға жетті. Бұл, ел халқының 42,5 проценті.

Биыл қаңтар-сәуір аралығында республикада 1 жасқа дейінгі 1095 сәби шетінеген (былтыр - 1054). Бұл, былтырғыдан 3,9 процентке көп. 2018 жылдың төрт айында сәбилердің шетінеуі жаңа туған 1000 нәрестеге (8,68) шаққанда 8,81 жағдайды құрап отыр.

2018 жылдың қаңтар-сәуірінде 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 25,1 процентке азайып, Қазақстаннан кеткен адамдар саны 20,8 процентке артқан. Негізгі миграциялық алмасу ТМД елдерімен болып отыр. ТМД елдеріне келгендер мен кеткендердің саны сәйкесінше 77,3 және 88,8 процентті құрайды.

Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 24,9 процентке азайды. Өңіраралық көшіп-қонудың оң сальдосы елдің төрт өңіріне - Алматы (12 013 адам) және Астана (3699 адам), Маңғыстау (48 адам) және Ақмола (39 адам) облыстарына тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу