Халық сенімін арттыруға батыл түрде кірістік – Мемлекет басшысы

Президент әлемнің жетекші университеттерімен серіктестікті нығайтып, ғылыми жобаларды нарыққа шығару қажеттігін айтты.

Халық сенімін арттыруға батыл түрде кірістік – Мемлекет басшысы Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту және олардың тәжірибесін ел экономикасының игілігіне пайдалану мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Қытаймен бірлескен жобасын табысты тәжірибенің үлгісі ретінде атап өтті.

– 2023 жылы аталған оқу орнында Тяньцзинь кәсіби университетімен серіктестік негізінде еліміздегі алғашқы Лу Бань шеберханасы ашылды. Бүгінде осындай шеберханалар Астана мен Алматы қалаларында да жұмыс істей бастады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев инжиниринг, технология, цифрландыру және табиғи ресурстар саласындағы ынтымақтастыққа баса мән беру керектігін айтты. Оның ішінде сирек жер металдары мен аса маңызды минералдар саласын дамытуға ерекше назар аударды.

– Сондықтан бізге индустриялық және басқа да серіктестерді кез келген қауіп-қатерден қорғап, жобалардың тікелей нарыққа шығуын қамтамасыз ететін кешенді қаржылай қолдау жүйесін қалыптастыру керек, – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу