Халық сөзіне құлақ асатын әкімдіктер тізімі жасалды

970

Жергілікті атқарушы органдарға жалпы саны 28 мың өтінім түскен.  

Халық сөзіне құлақ асатын әкімдіктер тізімі жасалды

Елімізде халықпен етене жұмыс істейтін жергілікті атқарушы органдардың рейтингі жасалды, деп хабарлады inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

17 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдарға жалпы саны 28 мың хабарлама түскен. 

Оның 25,1 мыңына, яғни, 89,4%-на жауап берілген. Өтінімдерге жауап беру бойынша  Шығыс-Қазақстан облысы көш бастады. Аталған өңір әкімдігі 1,3 мың өтінімді қамтып, дер кезінде жауап қайтарған.  Одан кейінгі орында  Ақтөбе және Қызылорда облыстарының әкімдіктері тұр. 

Ал рейтингтегі ең соңғы орындардың біріне Алматы қаласы жайғасқан. Шаһар әкімдігі халық жіберген өтінімдердің 72,9%-на ғана жауап берген. Бұл ретте жергілікті атқарушы органға 7,4 мың өтініш түскенін айта кету керек. Осылайша өтінімдердің тек 5,4 мыңы қамтылған. Ал 2 мың адамның өтінімі жауапсыз қалған. Аутсайдерлер тізімінде хаттардың 74,3%-на жауап берген Қостанай және 81,6%-ын қамтыған Маңғыстау облыстары бар. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу