Халық сырттан қайтқан активтердің әр тиынын білуі тиіс - депутат

1759

Отыз жыл ішінде Қазақстаннан сыртқа 200 млрд доллар шығарылған.

Халық сырттан қайтқан активтердің әр тиынын білуі тиіс - депутат Фото: azattyq-ruhy.kz

Сырттан қайтарылған қаржылар мен активтердің қайда жұмсалып жатқанын халық біліп отыруы керек. Мұндай ұсынысты депутат Еділ Жаңбыршин айтты. Тіпті, Қазақстанға кері келген қаражаттың бақылауы да қатаң болуы тиіс деді мәжілісмен. Отыз жыл ішінде Қазақстаннан сыртқа 200 млрд доллар шығарылған. Қазіргі таңда оның 837,4 миллиард теңгесі қайтарылған. Ал халықаралық рейтингке сүйенсек, Қазақстан тұрақты түрде шетелге капитал шығарып отыратын әлемдегі 20 елдің қатарына кіріп тұрған көрінеді. Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін қаражатқа бүгінде мектеп салу басталып кетті. Депутат Жаңбыршин, бұдан бөлек, бұл қаражатқа өндіріс ошақтарын ашып, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу керек деген бастама көтерді.

"Энергетика объектілерін салуға және тозығы жеткен жабдықтар мен желілерді жаңалауға жұмсау қажет. Бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады, бюджет қаржыларын үнемдейді, ең бастысы тарифті көтеріп халықты қинамаймыз! Неге осы активтерді ішкі нарықта айналдырып, зауыт, фабрика салуға жұмсамасқа? Сол кезде өңдеу саласы дамиды, жергілікті құрылыс материалдарын шығарамыз, импорттық тауарлар мен қызметтерді өзімізде оқшаулаймыз, біліктілігі жоғары мамандарға сұраныс көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, өңірлердің салық базасы артады және басқа да мультипликативтік эффектке қол жеткіземіз", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу