Халық табысын арттыру бағдарламасынан пайда бар ма?

768

Республиканың бірқатар өңірінде халықтың табысы орташа республикалық деңгейге жетпей отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Халық табысын арттыру бағдарламасынан пайда бар ма?

"Соңғы жылдары халықтың табысы біртіндеп өсті. Былтыр бұл өсім 5 пайыз шамасында болды. Бірақ Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жұрттың табысы орташа республикалық деңгейге жетпейді. Бұл көрсеткіш Алматы және Шымкент қалаларында да төмен. Ал Қызылорда облысында халықтың табысы тіпті азайып кетті. Биыл мамыр айында азаматтардың нақты табысының көрсеткіші минус 2,9 пайыз болды. 

Мұндай құлдырау көптен бері болған емес.

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданды. Бірақ оның жұртқа тигізіп жатқан пайдасы шамалы. Ең алдымен, жергілікті жерлерде тиімді жұмыс жүргізілуі керек. Әкімдер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс. Менің білуімше, бұл бағытта нақты нәтиже жоқ", – деді Президент. 

Мемлекет басшысы әкімдердің жұмысын бағалаған кезде бұл көрсеткішті назарға алатындығын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу