Елімізде картамен сауда жасайтындар саны артып келеді. Мәселен, биыл қаңтар-қазан айында электронды төлем сомасы 15,8 трлн теңгені құраған. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,8%-ға жоғары.
Ұлттық банктің төлем жүйесі департаментінің басшысы Ерлан Ашықбаевтың айтуынша, 10 айда картамен 632 млн 7 мың транзакциялық эмитет жасалыпты. Оның 36%-ы Mastercard-тың үлесінде.
Қазір халықаралық және елішілік жарамдылық жүйесі бар 21,8 млн карта 18 млн азаматтың қолында жүр. Оның 6,6 млн-ны 2018 жылы айналымға қосылған. Карталарды шығаруға 22 банк құқылы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу