Halyk Homebank қосымшасы арқылы қазіргі уақытта 6 000-ға жуық қазақстандық 34 млн теңгеден астам қаражат аударды. Оның ішінде 26 млн теңгеден астамы AFAD-қа, 4,5 млн теңге - ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамына және 3,5 млн теңге - Ұлттық еріктілер желісіне жіберілді.
Halyk Bank басшылығы түсімдер сомасын банк қаражаты есебінен екі есе көбейту туралы шешім қабылдады.
Осыған дейін хабарлағандай, Halyk Homebank қосымшасы арқылы кез-келген адам Түркиядағы жойқын жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаражат аудара алады. Ол үшін "Төлемдер" бөлімінде "Қайырымдылық" түймесін таңдау жеткілікті. AFAD және Ұлттық еріктілер желісінен басқа ақшалай көмек жіберуге болатын ұйымдардың тізіміне ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамы қосылды.
Бiз бiргемiз, Halyk Bank