Халық ұлттық жоба­лардың қалай жүзеге асып жатқанын бақылай алады

881

Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуын арнайы платформа арқылы бақылауға болады. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті. 

Халық ұлттық жоба­лардың қалай жүзеге асып жатқанын бақылай алады

БАҚ-қа берген сұхбатында елдегі реформалар мен ұлттық жобалар туралы сөз қозғаған ол, халық бөлінген қаржының қалай жұмсалып жатқанын арнайы жүйе арқылы бақылай алатынын жеткізді. 

"Реформаның негізгі құндылығы – оның адамға, елдің әр азаматына сай жасалынатыны. Егер әр қазақстандықтың жағдайын жақсартпаса, ол реформаларды өткізудің еш қажеті де жоқ шығар. Біз реформалаудағы қоғамдық бақылау – цифрландыру құралдарын пайдалану арқылы атқарылуы керек деп есептейміз. Барлық жоба Data Driven Government платформасы арқылы жүзеге асырылады. Цифрлық даму, инновация және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынатын бұл платформада қоғам ұлттық жоба­лардың қалай жүзеге асып жатқанын көріп отырады әрі бағалау мүмкіндігіне ие. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" принциптеріне сай әр қазақстандық бүкіл цифрлық ақпарат­қа қол жеткізе алады. Реформа жүргізуші органдар да осы құралдардың арқасында қоғаммен бай­ланысын күшейте түседі", - деді ол. 

Сонымен қатар агенттік төрағасы мұндай реформаларға қаржы бөлу туралы ойын ортаға салды. Оның айтуынша бюджет жобалар мен басымдықтарға қатысты бөлінеді. 

"Біз pay-for-results "қорытынды үшін төле" деген жүйені ұсынып отырмыз. Жобаның әр кезеңі оған дейінгі кезеңде қол жеткіз­ген жетістігіне сай қаржы­ландырылады", - деді Қайрат Келімбетов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу