"Халық үні" жобасы басталды

842

Заңгер Айман Омарова аталмыш жоба азаматтық қоғам өкілдерін өзекті мәселелерді анықтауға жұмылдыратынын жариялады. 

"Халық үні" жобасы басталды

Оның сөзінше, ел азаматтарының құқықтық сауатын арттыруды және заңға қайшы әрекеттердің алдын алуды көздейтін жоба аясында білікті заңгерлер әлеуметтің осал тобына жататын адамдарға құқықтық кеңес беріп, көмек көрсетеді. 

"Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық деп жазылған. Яғни мемлекеттік құрылымдардың қызметі халықтың игілігіне, азаматтардың сұранысы мен талап-тілегіне бағытталуы тиіс. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" атты  тұжырымдаманы жүзеге асыруды жүктеді. "Халық үні" жобасы Президенттің тұжырымдамасы негізінде азаматтық қоғам өкілдерін өзекті мәселелерді анықтауға жұмылдыруды көздейді", – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Адал көмек" жобасының жетекшісі, заңгер Айман Омарова.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу