Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін және олардың сапасының нашарлауын болдырмау мақсатында жекешелендіру объектілер тізімінен жергілікті табиғи монополиялар нысаны болып саналатын және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін маңызды 200-ден астам әлеуметтік маңызы бар объектілер алынып тасталды. Осылайша, бұл объектілер мемлекеттің меншігінде қалады", - деді Әлібек Қуантыров.
Сонымен қатар алдағы уақытта мұндай объектілерді жекешелендіру туралы мәселе тек инвесторлар тарапынан мемлекет мүдделерін ескеретін шарттармен берілетінін жеткізді.