"Халық зейнетақы жинағынан 200 теңгеге дейін аударып алып жатыр"

3523

Кейінгі үш күнде enpf-otbasy.kz порталында зейнетақының артығын пайдалануға 157 мыңнан астам өтінім қабылданды.

"Халық зейнетақы жинағынан 200 теңгеге дейін аударып алып жатыр"

Отбасы банктің хабарына сүйенсек, өтініштің көптігінен платформаның жұмысы нашарлаған. Банк зейнетақы жинақтарының артығын пайдаланғысы келетіндердің барлығы 1 сәуірге дейін үлгеруі үшін демалыс және мереке күндері де жұмыс істеуге шешім қабылдады.

"Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дан сұрататын ең төменгі сомасы – 200 теңге. Өтініш бергендердің орташа жасы – 36-45 жас. Платформаны пайдаланушылардың басым бөлігі ер адамдар", – деп хабарлайды Отбасы банкінің баспасөз қызметі.

Бір жыл ішінде барлығы 1,5 млн өтінім өңделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу