Халық жазушысы Мұхтар Мағауин Президентке Америкадан хат жазды

1433

Хатта қаламгер Мемлекеттік сыйлыққа қол жеткізе алмаған әріптесі Тұрысбек Сәукетай жайлы айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Халық жазушысы Мұхтар Мағауин Президентке Америкадан хат жазды Фото: magauin.com

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, жазушы, ғалым Мұхтар Мағауин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады.

"Айтпағым – қазақ рухы, қазақ мәдениетіне қатысты азғана бір уәж. 2022 жылғы Мемлекеттік сыйлық талқысы туралы соңғы хабардан естуімше, бүгінгі қазақтың атпал жазушысы, тіпті, екінің бірі, үздік қаламгер Тұрысбек Сәукетай ең соңғы іріктен өтпей қалыпты. Абай атындағы марапатқа бірден бір лайықты осы "Желқайық" романы еді. Тұрысбек - бүгін ғана жеткен прозашы емес. Өткен он жылдықтағы "Ай қараңғысы" және кез келген басқа да романы осы мәртебеге татитын. Бүгін бәйгеге "Желқайық" түскен екен. Айтары жоқ, осы жаңа ғасырда дүниеге келген ең озық туындылардың бірі", деп жазған Мағауин хатында.

Қазір Амерка құрама штаттарында тұратын жазушы осындай керемет шығармаға мемлекеттік сыйлықтың бұйырмағанына өкініш білдірген.

"Мұндай биік көркемдік деңгейде жазылған, бүгінгі қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін көтерген соқталы романның Мемлекеттік сыйлыққа жетпей қалуы - көңілінде алалық жоқ зиялы қауым үшін, көзі қарақты, ұлт мүддесін ойлайтын оқырман қауым үшін үлкен өкініш болар еді. Тұрысбек Сәукетайды лайықты сыйлығына жеткізу ендігі Сіздің қолда тұр деп білемін..." - делінген хатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу