Халық жинаған қаржыға Күршімге 20 аппарат жеткізілді

650

Жомарт жандар мен кәсіпкерлер арнайы шотқа 8 млн теңгедей қаржы жинаған еді.  

Халық жинаған қаржыға Күршімге 20 аппарат жеткізілді

Өткен аптада Күршім ауданының тұрғындары, жомарт жандар мен кәсіпкерлер коронавирус пандемиясы кезінде аудан ауруханаларына аса қажетті аппарат, киім және дәрі-дәрмек алу үшін арнайы шотқа 8 млн теңгедей қаржы жинаған еді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Аталмыш қаржының 5 млн теңгесіне 20 дана оттегі концентраторы және одан бөлек 10 дана пульсоксиметр аппаратары алынды. Күршім ауданына жеткізілген оттегі концентраторының 8-і Күршім аудандық ауруханасына, 4-еуі Марқакөлге, 2-еуі Күршім шекарашылар ауруханасына, қалған 6 аппарат Бурабай, Сарыөлең, Қалғұты, Маралды, Төсқайың, Қалжыр ауылдарына жөнелтілмек.

"Міне, алынған оттегі концентратор мен 10 дана пульсоксиметрдің чегін ұсынып отырмыз. Біздің ауданда 2 аурухана (Күршім, Марқакөл), 7 амбулатория бар, атап айтқанда Бурабай, Сарыөлең, Қалғұты, Маралды, Боран, Төсқайың, Қалжыр. Боран ауылының тұрғындары өздері жиналып, аппарат алыпты. 6 аппаратты осы қалған 6 ауылдарға жіберсек деп отырмыз, 2 данасын Күршім шекарашыларының госпиталіне, Марқакөл ауылына 4 дана, Күршім ауруханасына 8 дана бөлінсе деп отырмыз", – дейді акцияны ұйымдастырушылардың бірі Ерназ Аймұханбетов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу