Халық жылуға 10 миллиард теңге қарыз

810

Халық жылуға 10 миллиард теңге қарыз

Елде жаңа жылыту маусымы басталғанда, отандастарымыз өткен жылдың жылуы үшін әлі 10 миллиард теңге берешек. Қомақты ақшаның алты миллиарды Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына тиесілі, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Қалған 4 млрд теңге басқа өңірлердің қарызы. Мамандар тұрғындардың жылыту маусымы бітісімен арқаны кеңге салып, шот төлеуді созатынын айтады. Жаз бойы жиналып қалған қарызды азаматтар қыс тірелгенде ғана жабатын көрінеді. Халықтың қордаланған ұарызына қарамастан тиісті мекемелер пәтерлерге жылу берін тоқтатпаған. Ал шенеуніктер биылғы қыстан қысылмай шығарларына сенімді.

"Жылу беру маусымы басталды. Әлеуметтік объектілерге  яғни аурухана, мектеп пен балабақшаларға жылу беріліп жатыр. Ел бойынша  тұрғын үйлердің  80 пайызына жылу берілген", - ҚР энергетика министрлігінің комитет төрағасы Сұнғат Есімханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу